Қоғам

Қазақстанның ЖІӨ өсімі тоғыз айда 4,2%-ды құрады

Қазақстанның ЖІӨ өсімі тоғыз айда 4,2%-ды құрады

2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 4,2%-ға өсті. Экономикалық өсім негізінен шикізаттық емес сектор есебінен қамтамасыз етілді. Бұл саладағы өсім 5,4%-ды құрады,деп хабарлайды Ozgeris.info.

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында елдің тоғыз айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады. Оның айтуынша, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, көлік қызметтері және сауда салалары жоғары өсім көрсеткен. Бұл төрт саланың ЖІӨ өсіміне қосқан жиынтық үлесі 75%-дан асты.

Министр экономиканы әртараптандыру нәтижесінде мұнай өндірудің ЖІӨ құрылымындағы үлесі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 7,8%-ға дейін қысқарғанын атап өтті. Ал 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 14,1%-ға жетіп, тау-кен өндіру өнеркәсібінің үлесі 12,4%-ды құрады.

Барлық жаңалық