Жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңірінде 45 градусқа дейін ыстық болады

Қазақстанның бірнеше өңірінде 45 градусқа дейін ыстық болады
13 шілдеде бірнеше өңірде 40-45 градус қатты ыстық болады, деп хабарлады Қазгидромет.
 
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Жетісу, Абай облыстарында 35 градус қатты ыстық күтіледі.
 
Маңғыстау, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды, Қызылорда облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының орталығында 40-45 градус аптап ыстық болжанып отыр.
 
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жауады, дауыл болады деп болжанады.
 
Тек Қазақстанның оңтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, елдін оңтүстігінде шаңды дауыл, түнде және таңертең еліміздің батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Барлық жаңалық