Жаңалықтар

Қазақстандықтар Жаңа жылда қанша күн демалады

Қазақстандықтар Жаңа жылда қанша күн демалады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыру туралы бұйрық дайындады. Бұйрыққа сәйкес, 2025 жылғы 1-4 қаңтар демалыс күндері болып белгіленді, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған ozgeris.info.

Ведомство мәліметінше, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "2025 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы" бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 5 қаңтардағы жексенбі, яғни демалыс күні 2025 жылғы 3 қаңтарға, жұмаға ауыстырылады. Осылайша, аптасына бес күн жұмыс жасайтын қазақстандықтар 1-4 қаңтар, ал аптасына алты күн жұмыс істейтін азаматтар 1-3 қаңтар күндері демалады.

"Демалыс күнін ауыстыру жұмыс уақытын оңтайлы бөлуге және азаматтардың демалысы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Тәуелсіздік күніне орай желтоқсанда аптасына бес күндік жұмыс істейтіндер 14, 15, 16 желтоқсанда, яғни сенбі, жексенбі және дүйсенбі күндері демалады. Сонымен қатар 2024 жылғы 30-31 желтоқсан жұмыс күндері.

Барлық жаңалық