Finprom.kz ұсынған 2026 жылғы сауалнама нәтижесі бойынша, ел тұрғындарының 69,4%-ы жайлы өмір сүру үшін отбасының әр мүшесіне айына 260 мың теңгеден астам табыс қажет деп санайды. Респонденттердің басым бөлігі (28,5%) 260–320 мың теңге аралығын таңдаған, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Сауалнаманың негізгі көрсеткіштері:
Тұрғындардың 44,9%-ы өміріне толық, ал 54,4%-ы ішінара қанағаттанады.
2026 жылдың I тоқсанында номиналды табыс 11,8%-ға өскенімен, бағаның қымбаттауына байланысты нақты табыс өсімі небәрі 0,1% құрап, инфляция табыс өсімін толығымен дерлік жойып жіберген.
Осыған қарамастан, қазақстандықтардың 73,2%-ы алдағы уақытта жағдайдың жақсаратынына сенім білдіреді.