Қазақстандық боксшы Махмуд Сабырхан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды деп жазды ozgeris.info сайты.
Құрлық біріншілігі Улан-Батор қаласында өтіп жатыр.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз жартылай финалда моңғолиялық Билгуунсайхан Хархуумен кездесті.
Үш раундтың қорытындысы бойынша қарсыласы 5:0 есебімен басым түсіп, Сабырхан финалға шыға алмады.
Осылайша, Махмұд Сабырхан Азия чемпионатын қола жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Валентина Хальзова да (75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде) қола медаль жеңіп алған болатын.