Қоғам

Қазақстандық балуан еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Қазақстандық балуан еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Қазақстандық балуан Мерей Базарбаев АҚШ-та өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

57 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз финалда түркиялық Бекир Кесерден басым түсіп, әлем чемпионы атанды.

Мерей Базарбаев финалға дейін үш қарсыласын жеңді. Алдымен америкалық Люк Лилледальді 3:1 есебімен ұтса, кейін француз балуаны Расул Галбураевты 13:2 есебімен тізе бүктірді. Ал жартылай финалда жапониялық Дайто Кацумэді 7:0 есебімен жеңді.

Барлық жаңалық