Қазақстандық кәсіпкер Дана Қарағұсова ғарышқа ұшқан еліміздің алғашқы әйелі болды.Оны капсуладан шыққан сәтте ұлы Айтуар қарсы алды — жүзінде қуаныш пен аздап таңданыс бар.Blue Origin компаниясының New Shepard зымыранының суборбиталық ұшуы сәтті өтті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты компанияның баспасөз қызметіне сілтемемен.
Ғарыш сапарына алты адам қатысты:Қазақстаннан – Дана Қарағұсова, америкалық бизнесмен Джефф Элджин, инженер Клинт Келли III, кәсіпкер Аарон Ньюман, украиналық инвестор Виталий Островский және аты-жөні жария етілмеген қатысушы – Уилл Льюис.
Blue Origin жариялаған бейнежазбада зымыранның кері санау аяқталғаннан кейін старт алаңынан көтеріле отырып, 100 шақырымнан астам биіктікке – ғарыш шекарасы саналатын Карман сызығына дейін ұшқаны көрсетілген.Компанияның хабарлауынша, бұл – New Shepard бағдарламасы аясындағы 36-шы сәтті миссия.Компания дерегінше, New Shepard зымыранымен ғарышқа саяхаттаудың құны шамамен 500 мың долларды құрайды.Экипаж мінген капсула 106 шақырым биіктікке көтеріліп, бүкіл миссия 10 минут 21 секундқа созылды.
Ұшу Астана уақыты бойынша 18:38-де басталып, экипаждың жерге сәтті оралуы 19:31-де тіркелді.
Дана Қарағұсова — FirstMediaGroup маркетингтік холдингінің негізін қалаушы. Ол Дженнифер Лопес пен Backstreet Boys топтарын Қазақстанға алғаш шақырған. Сонымен қатар, тәжірибелі альпинист ретінде Эльбрус пен Килиманджаро шыңдарын бағындырған.