Кеше Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі консультативтік-кеңесші орган «Jas Kenes» кеңесінің отырысы өтті. Жиында 2026–2028 жылдарға арналған есірткіге және есірткі бизнесіне қарсы кешенді іс-қимыл жоспарының жобасы талқыланды деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
«Дала Қырандары» қозғалысының үйлестірушісі және кеңес мүшесі Мейірболат Тойтов елімізде есірткі таралуына қарсы күресті күшейту үшін бірқатар нақты ұсыныстарын ұсынды. Олардың ішінде:Жастармен жергілікті деңгейде тұрақты жұмыс жүргізу;Қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың бірлескен әрекетін күшейту;Алдын алу шараларын жүйелі түрде ұйымдастыру мәселелері бар.
Мемлекеттік органдар мен жастар қозғалыстарының бірлескен жұмысы жастардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғауды ұлттық басымдыққа айналдырады.Мейірболат Тойтовтың айтуынша:
«Дала Қырандары» қозғалысы мемлекеттік жастар саясатын жетілдіруге нақты шешімдер ұсына алады және елдің өзекті мәселелерінен тыс қалмайды».