Жаңалықтар

Қазақстанда түсірілуі тиіс Джеки Чанның фильміне қатысты күтпеген мәселе туындады

Қазақстанда түсірілуі тиіс Джеки Чанның фильміне қатысты күтпеген мәселе туындады

Қазақстанда түсірілуі жоспарланған, Джеки Чан қатысатын «Доспехи Бога» фильмінің төртінші бөліміне қатысты күтпеген жайттар анықталды деп хабарлайды Оzgeris.info сайты “ПИСЬМА ПРЕЗИДЕНТУ” каналына сілтемемен.

 

Бұл туралы бұған дейін продюсер Максат Кикимов мәлімдеген болатын. Алайда редакцияның дереккөздері мәселенің нақты себебі түсірілім процесінде емес, қаржыландыруға қатысты екенін алға тартты.

 

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, фильмді түсіру бастапқыда Джеки Чанның өз қаражаты есебінен жүзеге асады деп айтылған. Алайда қазіргі таңда жобаға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлу мәселесі көтеріліп отыр.

 

Дереккөздер бұл жағдайды елде бюджет шығындары қатаң қысқартылып жатқан кезеңде тиімсіз әрі қоғам тарапынан сұрақ тудыратын шешім деп бағалап отыр. Әсіресе, жобаға халық қаржысының жұмсалуы қызу пікірталасқа себеп болған.

 

Айта кетейік, бұған дейін фильмнің Қазақстан аумағында түсірілуі елдің имиджін көтереді деген уәж айтылғанымен, қаржыландыру тетігі нақты түсіндірілмеген еді. 

Барлық жаңалық