Қазақстан Түркия азаматтары үшін визасыз болу мерзімін 90 күнге дейін ұзартпақ, деп хабарлайды ozgeris.info сайты informburo.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан мен Түркия арасындағы визасыз режимге қатысты жаңа өзгерістер енгізілмек. Бұл туралы үкіметтің қаулы жобасы “Ашық НҚА” платформасында жарияланды.
Құжатқа сәйкес, түрік азаматтары Қазақстанда бір рет кіргеннен кейін 180 күннің ішінде 90 күнге дейін еркін жүріп-тұра алады. Қазіргі қолданыстағы ереже бұл мерзімді 30 күнмен шектейтін.
Жаңа бастама екі ел арасындағы достықты нығайтып, туризм мен инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, бұл өзгеріс экономикалық дипломатияны күшейтуге де ықпал етпек.
Аталған қаулы жобасы 28 шілдеге дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.