Қоғам

Қазақстанда ниобий қосылған жаңа коллекциялық монета сатылымға шығады

Қазақстанда ниобий қосылған жаңа коллекциялық монета сатылымға шығады

Қазақстан Ұлттық Банкі 12 қазаннан бастап «Қазақстанның жер қойнауы» сериясындағы «Nb (ниобий)» атты жаңа коллекциялық монетаны сатылымға шығарады. Монетаны Ұлттық Банктің ресми интернет-дүкенінен сатып алуға болады, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Монетаның ерекшелігі қандай?

Монета 925 сынамалы күмістен жасалып, құрамына сирек кездесетін металл – ниобий енгізілген. Оның жалпы салмағы – 32,8 грамм. Оның ішінде 31,1 грамы күміс болса, 1,7 грамы – ниобий.

Монетаның диаметрі – 38,61 миллиметр, номиналы – 1 000 теңге. Барлығы 1 000 дана шығарылады.

Ниобий – атомдық нөмірі 41 болатын сирек металл. Ол металлургияда, электроникада, аэроғарыш және атом өнеркәсібінде қолданылады. Металлдың атауы ежелгі грек мифологиясындағы Ниоба есімімен байланысты.

Қайдан сатып алуға болады?

Монетаны 2026 жылғы 12 қазаннан бастап Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми интернет-дүкенінен сатып алуға болады.

Айта кетейік, коллекциялық монета Қазақстанның барлық аумағында заңды төлем құралы болып саналады. Оны номиналдық құны бойынша төлем жасауға, сондай-ақ банктерде айырбастауға, ұсақтауға және банк шотына есепке алуға болады.

Монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Барлық жаңалық