Жаңалықтар
Қазақстанда жаңа университет пайда болады
15.07.2024
354
Қазақстанда су шаруашылығы және ирригация университеті құрылмақ, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет еліміздің су шаруашылығы саласына кадр даярлау шараларын қолға алуда. Тараз қаласында жаңадан құрылған су шаруашылығы және ирригация университеті өз жұмысын бастайды. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды.
Биылғы сәуірде ҚР Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесте Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Тараз гидромелиоративтік-құрылыс институтын тиісті материалдық-техникалық қамтамасыз ету арқылы қалпына келтіру шараларын қабылдауды тапсырған болатын.
Бұл міндетті іске асыру шеңберінде Үкімет «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын қайта құру және оның негізінде екі ЖОО — «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын («ТарУ» КеАҚ) және «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын («ҚазҰСШИУ» КеАҚ) құру туралы шешім қабылдады. Оқу орындары олардың жарғылық капиталдарына мемлекеттің жүз пайыз қатысуы арқылы құрылды.
Осылайша, арнайы оқу орны су шаруашылығы мен ирригация жүйесі үшін жоғары білікті кадрларды тұрақты түрде даярлайтын болады.
ҚазҰСШИУ-да «Су шаруашылығы және мелиорация», «Геодезия және картография», «Су шаруашылығындағы гидротехникалық құрылыс», «Сумен жабдықтаудың инженерлік жүйелері», «Су шаруашылығындағы инновациялық технологиялар» атты жаңа білім беру бағдарламалары енгізілетін болады.
2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап жаңа ЖОО студенттер қабылдай алады деп жоспарланып отыр.
ҚазҰСШИУ-ға 2024-2025 жылдарға 245 орынға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының нысаналы квотасы (бакалавриатқа – 210, магистратураға – 20, докторантураға – 15) бөлінді.
Білім беру цикліндегі жалпы контингент саны 4 000 білім алушы.
-
Астанада жасөспірім қыздардың төбелесі видеоға түсіп қалды06:00, 22 сәуір 2026
-
Қазақстан азаматы Дубайда өмір бойына бас бостандығынан айырылды04:00, 22 сәуір 2026
-
«Түнде дүлей сырқат басталды»: Азамат Сатыбалды шұғыл ота жасатқанын айтты02:00, 22 сәуір 2026
-
-
Алаяқтық кредит: қаржылық қауіпсіздік мәдениеті неге әлсіз?19:29, 21 сәуір 2026
-
-
Төртінші АЭС қайда салынатыны белгілі болды16:51, 21 сәуір 2026
-
Атырауда қаза тапқан отбасыға қатысты тың дерек шықты16:38, 21 сәуір 2026
-
-
-
-
-
-
-
"Ұрпағыңыз сізбен мақтанады": Мұхтар Шахановтың келіні әсерлі жазба жариялады11:16, 21 сәуір 2026
-
-
-
Ерболат Досаев тағы бір лауазымынан айырылды11:17, 21 сәуір 2026
-
2030 жылға қарай әр пойызда инклюзивті вагон болады – Көлік министрлігі10:45, 21 сәуір 2026
-
«Ақынды өлгенде құрметтейміз...»: Мұхтар Шахановтың ұлт алдындағы 4 тарихи ерлігі09:46, 21 сәуір 2026
-
"Жұғысты болсын": Интим видеолары тараған асаба сүйінші сұрады (ВИДЕО)09:30, 16 сәуір 2026
-
-
-
-
"Дендері сау ма": Эротикалық видеосы тараған асаба халықтан көмек сұрады (ВИДЕО)15:13, 16 сәуір 2026
-
-
"Жылап жібердім": Мөлдір Әуелбекова жаңалығымен көпті қуантты11:35, 15 сәуір 2026
-
"Өмір өте қысқа екен": Бейбіт Қорған марқұм анасын жоқтады (ВИДЕО)14:47, 15 сәуір 2026
-
-
"Ақшадан қиналдық": Интим видеосы тараған жұп мәлімдеме жасады (ВИДЕО)09:53, 17 сәуір 2026
-
"Жұғысты болсын": Интим видеолары тараған асаба сүйінші сұрады (ВИДЕО)09:30, 16 сәуір 2026
-
-
-
-
"Дендері сау ма": Эротикалық видеосы тараған асаба халықтан көмек сұрады (ВИДЕО)15:13, 16 сәуір 2026
-
-
-
-
"Жылап жібердім": Мөлдір Әуелбекова жаңалығымен көпті қуантты11:35, 15 сәуір 2026
-