Қазақстанда Ата заңның жаңа редакциясы бойынша мемлекеттік билік жүйесі мен халықтың шешім қабылдау механизмдері толық жаңартылды, деп хабарлайды Оzgeris.info.
Жобада Ата заңның 84%-ы қайта қаралып, құжат енді 95 бап пен 11 бөлімнен тұрады.
Жобадағы негізгі жаңалықтар:
Халық – басты билік көзі. 4-бапта мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендік иесі ретінде Қазақстан халқы айқын көрсетілген. Жалпыхалықтық референдум. Бұрынғы «Республикалық референдум» ұғымы жаңартылып, енді Ата заңға түзетулер енгізу тек Президенттің шешімімен және жалпыхалықтық референдум арқылы жүзеге асады.
Бірпалаталы Парламент – «Құрылтай».Заң шығарушы органның жаңа моделі бекітіліп, депутаттардың өкілеттігі мен заң қабылдау тәртібі нақтыланған.
Халық Кеңесі. Ел мүддесін білдіретін консультативтік орган мәртебесін алып, заң жобаларын ұсыну және жалпыхалықтық референдум өткізу бастамасын көтеру құқығына ие болды.
Президентке қойылатын талаптар. Үміткердің жасы кемінде 40, тумысынан Қазақстан азаматы және мемлекеттік немесе сайланбалы лауазымда кемінде 5 жыл тәжірибесі болуы керек.
Конституциялық соттың тәуелсіздігі. Орган Ата заң үстемдігін қамтамасыз етудегі миссиясы заңды түрде нығайтылды.
Сонымен қатар, жаңа редакциядағы Преамбула мен төрт жаңа бөлім мемлекеттік басқарудың концептуалды жаңа моделін қалыптастыруға бағытталған.Эльвира Азимова атап өткендей, бұл реформалар халыққа бағытталған мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастырады және Қазақстанның демократиялық дамуына маңызды серпін береді.