5 желтоқсан 2025 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданының Үлкен ауылында Қазақстандағы екінші атом электр станциясын салу мәселесіне арналған қоғамдық тыңдау өтті деп хабарлайды Оzgeris.info сайты Ақ Жайық сайтына сілтемемен. Оған жергілікті тұрғындар, қоғамдық ұйым өкілдері, маслихат депутаттары және атом саласының мамандары қатысты.
Мамандар АЭС алаңын таңдау ауқымды зерттеу мен талдау нәтижесінде жасалғанын айтты. Геологиялық жағдай, энергияға сұраныс, инфрақұрылым мүмкіндіктері ескеріліп, Жамбыл ауданы оңтайлы орын ретінде ұсынылған.
Тыңдауда реактордың қауіпсіздігі, техникалық шешімдер және әлеуметтік-экономикалық пайдасы түсіндірілді. Агенттік өкілдері Қазақстанда халықаралық стандарттарға сай 3+ буындағы реакторлар пайдаланылатынын, олардың қорғаныс деңгейі жоғары әрі экологиялық қауіпсіз екенін атап өтті.Экономикалық тұрғыдан жоба жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік береді. Әлемдік тәжірибе бойынша АЭС-тегі бір жұмыс орнына дейінгі салаларда 10-ға дейін қосымша жұмыс орны құрылады.
Жергілікті тұрғындар жобаны қолдайтындарын білдіріп, оның өңірдің энергетикалық тапшылығын шешуге және инфрақұрылымды жақсартуға көмектесетінін айтты.Тыңдау қорытындылары Алматы облыстық мәслихатына жолданады. Екінші АЭС жобасы елдің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған стратегиялық қадам. Сонымен қатар, станция Қытай компаниясының қатысуымен салынатыны хабарланды.