Қоғам

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы қалай өзгереді? Олжас Бектенов жаңа ережелерді бекітті

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы қалай өзгереді? Олжас Бектенов жаңа ережелерді бекітті

Қазақстанда биылғы жылдың жазына қарай құны арзан дәрі-дәрмектердің бағасынан мемлекеттік бақылау алынып тасталады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады деп жазды ozgeris.info сайты.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің мәлімдеуінше, басты назар отандық өндірушілерді, оның ішінде медициналық техника мен препараттар шығаратын кәсіпорындарды қолдауға аударылады. Үкімет бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайтуды жалғастырады. Алайда, кәсіпкерлерден әлеуметтік жауапкершілік танытып, халықты қолжетімді бағадағы сапалы фармацевтикалық өніммен қамтамасыз ету талап етіледі.

 Үкімет басшысы көтерме-бөлшек сауда сегментіндегі дәрі-дәрмек бағасын реттеуді кезең-кезеңімен аяқтауды тапсырды:

  1. Құны 1 АЕК-ке дейін (4325 теңге) — 1 маусымға дейін;

  2. Құны 1 АЕК-тен жоғары — 1 желтоқсанға дейін.

Министрліктерге жүктелген қосымша міндеттер:

  1. «Бір терезе» қағидаты: Денсаулық сақтау министрлігіне 1 шілдеге дейін дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды тіркеу процесін оңтайландыру жүктелді.

  2. Әділ баға: «Атамекен» ҰКП және мемлекеттік органдар отандық дәрі-дәрмектер мен бұйымдардың әділ нарықтық құнын қамтамасыз етуі тиіс.

  3. Ұзақ мерзімді келісімшарттар: Медициналық техниканы жергілікті өндіру және сервистік инфрақұрылымды дамыту үшін ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау бойынша ұсыныстар енгізілуі қажет.

  4. Салықты біріздендіру: Ұлттық экономика министрлігіне импорт пен сауда кезінде салық салуды біріздендіріп, ҚҚС-тың (НДС) бірыңғай жеңілдікті мөлшерлемесін белгілеу тапсырылды.

Барлық жаңалық