2025 жылы Қазақстанда бензин бағасы еркін нарыққа жіберілді. Енді мемлекет отын құнын реттемейді. Энергетика министрлігі баға біртіндеп өседі деп уәде еткен, бірақ қазір жоспар өзгеруі ықтимал. Себебі Ресейде жанармай күрт қымбаттап жатыр, деп жазады Ozgeris.info.
Неге бұлай болды? Reuters дерегінше, тамыз айында Украина дрондарының шабуылы Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарының жартысына жуығын істен шығарды. Күніне шамамен 3,1 млн тонна мұнай өңдеуі тоқтап, биржада жанармай бағасы төртінші сессия қатарынан өсіп келеді.
Салдары қандай? Қазақстанда қаңтардан бастап отын бағасы еркіндікке жіберілген еді. Мақсат тапшылықты азайтып, ЕАЭО елдерімен бағаны теңестіру еді. Біздің елде бензин әлі де арзан, сондықтан көрші елдерге жанармай ағылу қаупі бар.
Егер Ресейде баға күрт өссе, Қазақстанда да ішкі нарықты қорғау үшін бензин құнын жоспарланғаннан тез көтеруге тура келеді.
Қазіргі жағдай
2 қыркүйек 2025 жылғы дерек бойынша:
• АИ-95 – шамамен 285 теңге (Алматыда орташа бағасы)
• АИ-92 – 225 теңге.