Қаржы министрлігі 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасын жариялады. Құжатта қазақстандықтардың табысы мен әлеуметтік қолдау көлемі арта түсетіні көрсетілген, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап төмендегідей жаңа мөлшерлемелер қолданысқа енгізіледі:
- айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге;
- ең төменгі жалақы – 85 000 теңге;
- ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге;
- күнкөріс минимумы – 50 851 теңге;
- базалық зейнетақы төлемі – 35 596 теңге.
Бюджет жобасында зейнетақы жүйесін жетілдіру де қарастырылған. 2026 жылдан бастап жасына және еңбек өтіліне байланысты төленетін зейнетақы 10%-ға өседі.
Сонымен қатар, мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына үкімет төлейтін жарна мөлшері 2% болып белгіленеді.
Әскери қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының өкілдеріне тұрғын үй мен коммуналдық шығындарын өтеу үшін ай сайын 3 739 теңге көлемінде төлем беріледі.