Қоғам

Қазақстан U23 әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте екінші орын алды

Қазақстан U23 әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте екінші орын алды

Қазақстандық палуандар АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан U23 әлем чемпионатында тағы үш медаль жеңіп алды. Осылайша, грек-рим күресінен ұлттық құрама бес жүлдемен жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Ozgeris.info

87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Темірлан Тұрдақын финалда ирандық Ясин Әли Яздиге 0:4 есебімен есе жіберіп, күміс медаль иеленді. Ал Арсен Жұма (55 келіге дейін) қола жүлде үшін белдесуде қырғызстандық Барсбек Асанқожоевты жеңді. Сондай-ақ Джохар Узаров аса ауыр салмақтағы қола медальға қол жеткізді.

Бұған дейін Айбек Айтбеков (60 келіге дейін) пен Юсуф Ашрапов (72 келіге дейін) әлем чемпионы атанған еді.

Енді U23 әлем чемпионатындағы жарыс әйелдер күресі бойынша жалғасады.

Барлық жаңалық