Грузияда өткен Batumi Cup турнирінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы мен Тбилисидің «Динамо» клубының футболшылары арасында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Ozgeris.info
Sportarena.kz мәліметінше, жанжалға дейін ойыншылар бір-біріне сөзбен тіл тигізіп, араздасқан. Кейін жағдай ушығып, футболшылар төбелесіп, түрлі заттарды лақтыра бастаған. Оқиға салдарынан матчтың тікелей трансляциясы уақытша тоқтатылды.
Осы жағдайға қарамастан, Қазақстан құрамасы турнирдегі өнерін жалғастырып, финалға дейін жетті. Алайда шешуші кездесуде «Вильярреал» U-15 командасына 0:3 есебімен жол берді.