Жаңалықтар

«Қазақстан сыртқы саясатта жаңа белеске шықты»: Сарапшы Тоқаевтың соңғы кездесулеріне баға берді

«Қазақстан сыртқы саясатта жаңа белеске шықты»: Сарапшы Тоқаевтың соңғы кездесулеріне баға берді

«Qasqa Jol» подкастында саясаттанушы Жанат Момынқұлов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы аптадағы халықаралық сапарларын талдап, олардың Қазақстан үшін стратегиялық маңызын атап өтті деп мәлімдейді Оzgeris.info.

 

Момынқұловтың айтуынша, бұл апта Қазақстан дипломатиясы үшін айрықша маңызды болды.


«Бір апта ішінде әрі Владимир Путинмен, әрі Дональд Трамппен кездесу кез келген мемлекет үшін оңай шаруа емес. Бұл Президентіміздің жоғары деңгейдегі дипломат ретіндегі мүмкіндігін көрсетті», – деді сарапшы.

 

Саясаттанушының айтуынша, Тоқаев пен Трамп арасындағы 40 минутқа созылған келіссөздер нәтижесінде жалпы құны 17 млрд доллар болатын бірқатар ірі келісімдерге қол қойылды. Соның ішінде:3,7–2 млрд доллар цифрлық технологияларды дамытуға, АҚШ-тың ірі компанияларымен интернет сапасын арттыруға;Қазақстан мектептеріне GPT негізіндегі білім беру жүйесін енгізу;2 млрд доллар чиптер сатып алуға;Күрделі техникалар шығаратын жаңа өндіріс орындарын ашу;50 жылға АҚШ-қа вольфрам экспорттау жөніндегі келісім.Момынқұлов бұл келісімдердің барлығы алдағы жылдары Қазақстанның сыртқы саясаттағы тепе-теңдігін, экономикалық серпінін қамтамасыз ететінін айтты.

 

 

Сарапшының айтуынша, Қазақстанның Авраам келісіміне қосылуы да халықаралық аренада еліміздің беки түскен беделін көрсетеді. Бұл шешім Қазақстанның жаһандық процестерге белсенді қатысып, әртараптандырылған дипломатиялық саясат жүргізіп жатқанын дәлелдейді.

 

 

Момынқұлов Тоқаевтың бір аптада екі алпауыт державаның лидерлерімен кездесуін кездейсоқтық емес, «жоспарланған, сәтті орындалған халықаралық сапар» деп бағалады.Оның пайымынша, бұл сапар Қазақстан мен АҚШ арасындағы сенімді жаңа деңгейге көтеріп, елдің позициясын күшейтті.

 

 

 

Сарапшы алдағы үш жылда Қазақстан толыққанды цифрлық мемлекетке айналуды көздеп отырғанын атап өтті.Оның айтуынша:американдық технологиялар,қытайлық платформалар,жасанды интеллектті енгізу ел экономикасының тиімділігі мен ашықтығын арттырады.

 

«Бұл – өте дұрыс шешім. Қазақстанның технологиялық серіктестері – әлемдік державалар. Олар өздерінің ең озық технологияларын бөлісуге дайын екенін көрсетті», – деді Момынқұлов.

Барлық жаңалық