Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге құттықтау хатын жолдап, елдің басты мемлекеттік мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтады деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Мемлекет басшысы өз сөзінде украин халқына бейбітшілік, ынтымақ пен тұрақты дамуды тіледі.
Айта кетейік, 1991 жылдың 24 тамызында Киевте тәуелсіздік туралы тарихи шешім қабылданып, Украина егемен ел ретінде жаңа тарихын бастаған болатын. Содан бері бұл күн ұлттық мереке ретінде кеңінен аталып өтеді.