Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан басшысы Садыр Жапаровты Жогорку Кенеш сайлауының сәтті өтуімен құттықтады, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты Ақордаға сілтемемен.
«Қазақстан Президенті Садыр Жапаровты Қырғыз Республикасында өткен Жогорку Кенеш сайлауының табысты нәтижелерімен құттықтады», – делінген жексенбі күнгі хабарламада.
Мемлекет басшысы бұл маңызды саяси нағанның қорытындылары Қырғызстанның стратегиялық даму міндеттерін жүзеге асыру жолында нық қадам жасап келе жатқанын атап өтті.
«Парламент сайлауы сіздің мықты және өркендеген мемлекет құру бағытыңызды қырғыз халқының кең қолдайтынын көрсетті. Қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастығының қарқынды дамуын зор қанағатпен атап өтемін. Көпғасырлық достық пен тату көршілікке сүйене отырып, біз қол жеткізген табыстарды еселей түсіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеретімізге сенімдімін», – деді Тоқаев.
Сондай-ақ Президент Тоқаев Садыр Жапаровқа бауырлас қырғыз халқының игілігі үшін атқарып жүрген жауапты қызметінде табыс тіледі.