🏛️ Саясат

Қазақстан президенті мен Жапония премьері 14 маңызды құжатқа қол қойды

Қазақстан президенті мен Жапония премьері 14 маңызды құжатқа қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичимен келіссөздер жүргізді. Кездесу қорытындысында бірлескен мәлімдеме және 14 үкіметаралық әрі ведомствоаралық құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты Ақордаға сілтемемен.

 

Мемлекет басшысы жапон тарапының қазақстандық делегацияға көрсеткен жылы қабылдауы үшін алғыс айтып, бұл сапар Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынасты нығайтудағы маңызды кезең екенін атап өтті. Тоқаев Жапонияны Азиядағы сенімді әрі уақыт сынынан өткен серіктес деп атады.

 

Өз кезегінде Санаэ Такаичи Қазақстан Президентінің ресми сапары екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін беретінін айтты. Ол Қазақстанды халықаралық аренадағы стратегиялық әріптес ретінде жоғары бағалады.

 

Келіссөз барысында тараптар сауда-экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Барлық жаңалық