💰 Экономика

Қазақстан балмұздағын қай елдер тұтынады?

Қазақстандық балмұздақ сыртқы нарықта сұранысқа ие бола бастады. Биылғы жылдың алғашқы төрт айында еліміз 4,3 мың тонна балмұздақ экспорттап, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткішті 41,6%-ға арттырды. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, отандық өнімнің негізгі сатып алушылары – Қытай мен ТМД елдері, деп жазады Ozgeris.info.

Балмұздақтың сыртқы нарықтағы үлесі артып келе жатқанымен, ішкі нарық та назардан тыс емес. 2025 жылғы қаңтар-мамыр аралығында елімізде жалпы көлемі 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,1%-ға жоғары. Яғни, қазақстандық өндірушілер маусымдық сұранысты ғана емес, экспорттық әлеуетті де қамтуда.

Алайда, импорт та өз орнын сақтап отыр. Аталған кезеңде елге 3 мың тонна балмұздақ әкелінген. Импорттық өнім жалпы нарықтың 15,4%-ын құрайды. Яғни, нарықтың едәуір бөлігін отандық өнім иеленіп отыр.

Қазақстанға балмұздақ негізінен үш елден жеткізіледі:

  • Ресей – 1,5 мың тонна
  • Қырғызстан – 1 мың тонна
  • Түркия – 300 тонна

Бұдан бөлек, балмұздақ Өзбекстан, Швейцария, Беларусь пен Италиядан да импортталған. Бұл Қазақстан нарығында шетелдік брендтердің де өз орны бар екенін көрсетеді.

 

Барлық жаңалық