Әлемге танымал жапондық полиглот блогер Юджи қазақ жастарына қазақ тілінде сұрақ қойған видеосын жариялады деп хабарлайды Оzgeris.info.Алайда қызықты жайт, жастар оған қазақша жауап беру орнына орысша сөйлеген. Бұл әрекет видеоны көрген әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызды.
Көпшілік пікір қалдырып, жастардың қазақ тілін қолданбауын сынға алды:
«Қазақша сұраққа орысша жауап беру тілімізді сыйламайтын іс. Өзіміз өз тілімізді құрметтемесек, басқалардан не күтеміз?», «Бұл Жапон жігіт қазақ тілінде сөйлеп тұрғанына қарамастан, жауап орысша болу дұрыс емес», — деп жазуда желі қолданушылары.
Видеоны көргендер кейбір жастарға тіл мәдениетін үйрету, қазақшаны белсенді қолдануға шақыру керектігін айтып, пікір қалдырған.