Алматыда қазақ қыздары туралы айтқан даулы пікірлерінен кейін қамауға алынған ресейлік стример Анар Абдуллаев елге оралғанын хабарлады. Ол бұл жағдайдың әлі де өзіне сенгісіз екенін айтып, бірге ұсталған блогер Ренатпен ауыр кезеңнен өткендерін жеткізді деп хабарлайды ozgeriz.info сайты ztb телеграмына сілтеп.
Стримердің айтуынша, бұл жағдай олар үшін үлкен сынақ болған. Абдуллаев жазасын өтегендерін айтып, ешкімді қорлауды немесе ренжітуді мақсат етпегенін мәлімдеді.
Сондай-ақ ол барша жұрттан кешірім сұрап, өзінің ешкімге жамандық ойламайтын, достық пейілді адам екенін атап өтті.