Алматылық “Қайрат” Чемпиондар лигасының алтыншы турында “Олимпиакосқа” 1:0 есебімен жол берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Матч нәтижесі сәтсіз болғанымен, команда қақпашысы Темірлан Анарбеков кезекті рет жанкүйерлерді таңғалдырды. Ол ойын барысында бірнеше қауіпті соққыны қайтарып, қақпаны сенімді қорғады. Қарсыластардың бірнеше шабуылын сәтті тоқтатқан Анарбеков кездесудің басты құтқарушысына айналды.
Осы керемет ойынның арқасында Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік ойыншысы (MVP) атанды.
Бұл — қазақ футболшысы тарихта алғаш рет осындай жоғары атаққа ие болуы.