Спорт

Қазақ дзюдошылары Еуропа кубогында үш медаль еншіледі

Қазақ дзюдошылары Еуропа кубогында үш медаль еншіледі

Хорватияның Дубровник қаласында өткен дзюдодан Еуропа кубогында Қазақстан құрамасы айтулы жетістікке жетті. Отандық спортшылар қоржынға алтын, күміс және қола жүлде салды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

Жарыс нәтижесі бойынша, 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Данияр Шамшаев қарсыластарынан басым түсіп, тұғырдың бірінші сатысына көтерілді. Ол турнирдің «алтынын» еншілеп, Қазақстан Әнұранын Хорватия төрінде шырқатты.

Ұлттық Олимпиадалық комитеттің мәліметінше, құрама қоржыны тағы екі медальмен толықты. Дамир Болатбеков (60 кг дейін) — тартысты бәсекеде финалға дейін жетіп, турнирдің күміс жүлдегері атанды. Ал Толқын Тұрсынақынова ауыр салмақта шеберлік танытып, үздік үштіктен көрінді және қола медальды иеленді.

Барлық жаңалық