Жаңалықтар

Қауіпсіздікке халықаралық талап: «Қазақмыстың» 139 маманы IOSH бағдарламасын меңгерді

Қауіпсіздікке халықаралық талап: «Қазақмыстың» 139 маманы IOSH бағдарламасын меңгерді

«Қазақмыс» Тобының өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау (ӨҚжЕҚ) қызметінің мамандары еңбек қауіпсіздігін басқару саласындағы сертификаттау курсы — IOSH Managing Safely халықаралық бағдарламасы бойынша оқудан өтті, деп хабарлайды Ozgeris.info

Бағдарлама өндірістік тәуекелдерді анықтау және бағалау бойынша практикалық дағдыларды дамытуға, сондай-ақ жұмысты қауіпсіз ұйымдастыру құралдарын қолдануға бағытталған. Оқыту мамандарға тәуекелдерді басқару тәсілдерін жүйелеуге және қауіпсіздік саласында негізделген шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Бұл оқыту Қазақмыстың ӨҚжЕҚ мамандарының кәсіби құзыретін дамытуға және Топ кәсіпорындарында өндірістік тәуекелдерді басқарудың бірыңғай тәсілін жетілдіруге бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі болды.

Оқу сабақтары офлайн форматта үш алаңда — Қарағанды, Жезқазған және Балқаш қалаларында өтті. Халықаралық сертификаттау курсын барлығы 139 маман меңгерді.

Мамандар алған білімі мен практикалық дағдыларын күнделікті жұмысында — тәуекелдерді анықтап, бағалауда, алдын алу шараларын жоспарлауда және өндірістік үдерістің қауіпсіздігін бақылауда қолдана алады.

ӨҚжЕҚ мамандарының кәсіби құзыретін дамыту — Қазақмыстың Топ кәсіпорындарында өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін кезең-кезеңімен арттыруға және қауіпсіз мінез-құлықтың бірыңғай мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жұмысының негізгі бағыттарының бірі.

Барлық жаңалық