Мемлекет басшысының өкімдерімен Арман Әбдірәсілов пен Азамат Дүйсембеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының басшылық қызметтеріне тағайындалды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Арман Асқарұлы Әбдірәсілов Қауіпсіздік кеңесі аппаратының Ахуалдық орталығының меңгерушісі болды.
Ал Азамат Нұрланұлы Дүйсембеков Қауіпсіздік кеңесі аппаратының Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.