Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургке барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургке барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Санкт-Петербург қаласына барды деп хабарлайды Оzgeris.info.

 

Халықаралық «Пулково» әуежайында Қазақстан Президентін Санкт-Петербург қаласының губернаторы Александр Беглов пен Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко қарсы алды.

 

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысады.

Барлық жаңалық