Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінде кадрлық ауыс-түйістер жүргізді. Бұл туралы Оzgeris.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Абубакиров Қаныш Асанханұлы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары — Қарулы Күштер Бас штабының бастығы қызметіне тағайындалды. Осыған дейін ол Қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарған болатын.
Сонымен қатар, Президенттің өзге өкімімен Камалетдинов Сұлтан Бүркітбайұлы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары — Қарулы Күштер Бас штабының бастығы қызметінен босатылды.
Айта кетейік, аталған кадрлық шешімдер Ақорданың ресми өкімдері негізінде қабылданды.