Жаңалықтар

Қаскелеңдегі оқушы қазасы: Қайғылы жайтқа қатысты тың дерек шықты

Қаскелеңдегі оқушы қазасы: Қайғылы жайтқа қатысты тың дерек шықты

Қаскелеңде 15 жастағы жасөспірім мектепте кенеттен өзін жайсыз сезініп, педагогтар мен оқушылардың көз алдында көз жұмды. Оқушының өлімінің алдын ала себебін мектеп директоры Рысбүбі Дүйсебаева мәлім етті. Бұл туралы Оzgeris.info сайты КТК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Мектеп директорының айтуынша, 9 «Г» сынып оқушысы бірінші сабақтан кейін басының айналғанын және жүрегі айнығанын айтып шағымданған. Дәрігерлер жедел жетіп, жасөспірімді құтқарып қалуға тырысқанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Алдын ала болжам бойынша, өлімнің себебі – миға қан құйылу.

«Балалар оның басы айналып, жүрегі айнығанын айтты. Жедел жәрдем шақырылды. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша жасөспірімде мидың ісінуі болғаны анықталды. Нақтырақ айтқанда, миына қан құйылған», – деді Рысбүбі Дүйсебаева.

Сондай-ақ ол жасөспірімнің сабақты жақсы оқығанын, спортпен айналысқанын, тәрбиелі әрі зерек болғанын, ешқандай жанжалға қатыспағанын атап өтті.

Барлық жаңалық