Қоғам

Қаскелеңде әйел құрбысының баласына электронды темекі тартқызған

Қаскелеңде әйел құрбысының  баласына электронды темекі тартқызған

Әлеуметтік желіде кішкентай балаға электронды темекі тартқызған әйелдің  видеосы тарады,  деп хабарлайды Ozgeris.info.

“Qumash” телеграм арнасының мәліметінше, видеодағы әйел Қаскелең қаласы әкімдігінің қызметкері болуы мүмкін. Жазбаға қатысты тараған мәліметте әйелдің есімі Маржан екені, ал баланың оның құрбысына тиесілі екені айтылған. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Оқиғаға қатысты Қаскелең қаласы әкімдігі түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр.

«Бейнежазбадағы әйелдің сыртқы келбеті Қаскелең қаласы әкімі аппаратының бас маманына ұқсайды», – делінген хабарламада.

Әкімдік 19 қазанда аталған оқиға бойынша қызметтік тергеу басталатынын мәлімдеді.

Барлық жаңалық