Шоу-бизнес

"Қарыздарым бар": Тұрсынбек Қабатовың тоқалы ақшадан қысылып жүргенін айтты (ФОТО)

"Қарыздарым бар": Тұрсынбек Қабатовың тоқалы ақшадан қысылып жүргенін айтты (ФОТО)

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман желідегі парақшасында күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды  ozgeris.info сайты. 

Ол өзінің қарыз-кредиті бар екенін айтып, әйелдерге кеңесімен бөлісті.

"Қыздар, сізде бар қарыз, кредит менде де бар. Себебі бұл өмір-тіршілік емес пе. Бірақ уақыт онымен тоқтап қалмайды. Жоқ па, жоқ. Болса онсыз да төлейсің ғой. Бірақ соған страдать етіп, түңіліп, жылап, айналаңның берекесін алып, үйді түңілтіп, адам жасқалап сұрап, одан әрі проблемаға проблема жасаудың еш қажеті жоқ.

Сабырмен миыңды тыныштандырып барып ойлансаң, оң шешім өзі-ақ келеді. Болмашы өткінші дүниеге денсаулығыңды беріп қажеті жоқ. Жаныңызға шуақ шашып үйреніңіз. Сабырлы болыңыз.

Тек бір Алладан сұраңыз. Иә, ең оңай жолы – адамнан сұрау. Бірақ оның алдына келу үшін де ол адамнан төмен түсуге тура келеді. Бірақ сол сізге қажет пе? Содан кейін бір ортада қалай боласыз? Әркез адамнан сұрай беруге де ар-намыс керек. Ол ар-намыс тек Алланың алдында сынуы керек.

Сондықтан ең болмағанда қиналғанда да, қуанғанда да салауат айтуды үйреніңіз. Ең оңай жолы сол. Күніңізді берекелі ету үшін ақша емес, сіздің миыңыздағы настрой мен кеңпейіліңіз ғана қажет", - деп жазды ол.

 

Барлық жаңалық