Танымал актриса, блогер Жұлдыз Әбдікәрімова жөндеу жұмыстары аяқталған жаңа үйін көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды ozgeris.info.
"Сіздер үшін үйімнің есігі ашық. Жүз пайыз жайғасып үлгермесек те, төрлетіңіздер", деп жазды өнер иесі.
Көпшілік актрисаның жаңа үйіне тамсанып, жылы лебіздерін білдірді.
"Керемет құтты болсын!", "Өте керемет құтты болсын, іші жақсылыққа толы болсын", "Құтты берекелі шаңырақ болсын, өмірде түрлі оқиғалар болады, оны трагедия да комедия қылатын ол әйел заты. Сол үшін мен айтар едім Жұлдыз ханым сіз мықтысыз. Мен сізге ризамын", "Қарасаң көзің тоятын үй болыпты", деп жазды көпшілік.