Қарағанды облысында мас күйіндегі жүргізушінің кесірінен ауыр жол апаты орын алды, деп хабарлайды Оzgeris.info.Полиция мәліметінше, Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол қарсы бағытына шығып кеткен.
Қатты соққының салдарынан инкассаторлық Lada Largus көлігі аударылып, бірден өртеніп кеткен. Өрт салдарынан көліктегі 3 миллион теңгеден астам қаражат түгелімен жанып кеткені анықталды.Апат орнында Largus-тың 28 жастағы жүргізушісі қаза тапты. Ал оның 36 жастағы жолаушысы мен 41 жастағы Toyota жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.
Полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғап, Toyota жүргізушісін уақытша изоляторға қамады. Тергеу барысында оның апат кезінде мас күйде болғаны, сондай-ақ бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды.Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталып жатыр.