Жаңалықтар

Қарағандыда иен даладан қарияның мәйіті табылды

Қарағандыда иен даладан қарияның мәйіті табылды

Қарағанды облысында 18 желтоқсаннан бері із-түссіз жоғалған 73 жастағы қарияның мәйіті табылды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап. 

Алдын ала болжам бойынша, ол өз көлігіне мініп, мал іздеуге кеткен. жақындары оның жоғалғаны туралы ақпаратты 21 желтоқсан күні ғана айтып, төтенше жағдайлар қызметінен көмек сұраған.

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен әскерилер ер адамды бірнеше күн бойы іздеген еді.

Бүгін, 23 желтоқсан күні Шет ауданындағы Ағадыр кентінің маңынан, жеңіл көліктің ішінен ер адамның мәйіті табылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Барлық жаңалық