Қарағанды қаласындағы К. Нұржанов атындағы жеңіл атлетика манежінде «Дала Қырандары» қоғамдық бірлестігіне үміткерлер арасында дене даярлығы бойынша нормативтер қабылданды деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Сынаққа студенттер мен түрлі сала қызметкерлері қатысып, өздерінің төзімділігі мен физикалық дайындығын сынады.Үміткерлер 3000 метрге жүгіру және Купер тесті бойынша жаттығулар орындады. Әр көрсеткіш жас және салмақ санатына сай бағаланды.Басталар алдында нұсқаулық беріліп, қыздыру жаттығулары өткізілді. Манежде достық әрі жарыстық атмосфера орнады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай сынақтар қатысушылардың күшін ғана емес, мінезі мен жауапкершілігін де айқындайды.
«Біздің мақсатымыз өзгелерге үлгі бола алатын, адал әрі мықты жастарды тәрбиелеу», — деді ұйымдастырушылар.
Нәтижесінде үздік нәтиже көрсеткендер келесі кезеңге емтихан мен сұхбатқа жіберіледі.