МАҢЫЗДЫ
Қарағанды полициясындағы тапаншаның жоғалуынан кейін бірнеше қызметкер жұмыстан босатылды
24.03.2025
332
Қарағанды облыстық полиция басқармасы бастығының экс-орынбасары айғақ затқа қатысты оқиғадан кейін тергеуге алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Қарағанды қаласында полиция қызметкерлері, оның ішінде жедел-тергеу тобының өкілдері қоршаған аумақтағы қылмыс орнынан жауынгерлік тапаншаның ұрланғаны туралы ақпарат тараған.
Оқиға Қарағанды қаласының орталығында екі жүргізушінің жанжалынан басталған. Олардың бірі екіншісінің көлігінің терезесін қаруға ұқсасі затпен сындырып, кетіп қалған. Жәбірленуші дереу полиция шақырып, заң бұзушы ұсталды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы да келген. Тапаншаға ұқсас зат тәркіленіп, тәртіп сақшылары оны мәшіннің алдыңғы жағына қоя салады.
Бұдан кейін ұсталған адам өзінің туысы, Қарағанды облыстық полиция басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары Рысқали Жазықбаевқа телефон соғып, көмек сұрайды. Жазықбаев бірнеше жыл бұрын зейнетке шыққан. Ол әріптестерінен туысын босатуды және тапанша туралы тіс жармауды өтінген. Бірақ полиция қызметкерлері оның өтінішін орындаудан бас тартады. Жазықбаев полиция департаментінің басшылығына шығып, жағдайды түсіндіреді. Ол жақтан да ештеңе шықпайды.
Ары қарай оқиға орнына ұсталған жігіттің достары мен жақын адамдары келіп, у-шу басталады. Бәрі жан-жаққа тараған кезде полицейлер “капотта” жатқан тапаншаның жоқ екенін байқайды. Бейнекамерадағы жазбаны көріп шыққан сақшылар келген адамдардың бірі қаруды алып кеткеніне көз жеткізеді. Құқық қорғау қызметкерлері Жазықбаевқа қоңырау шалған соң тапанша қайтарылған. Ол кезде қару атылмайтын, жарамсыз күйде болады. Ал ақауы бар, істемейтін қаруды өзіңмен алып жүру қылмыс емес. Бұл жағдайда ұсталған жүргізушінің әрекетінде ешқандай қылмыстық құрам жоқ.
Бірақ әріптестері подполковник Жазықбаев жауапкершіліктен жалтарып кете алмады, соттың шешімімен ол 10 тәулікке қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Ал айғақ затты көз алдында жоғалтып алған жедел-тергеу тобының өкілдері өз міндетіне салғырт қарағаны үшін қызметтерінен босатылды.
-
-
Астанада Қорғалжын тасжолының бір бөлігі жабылды: Жүргізушілер нені білуі керек?17:29, 07 маусым 2026
-
Халық неге әр мәселе бойынша Президентке шағымданады? Шенеуніктер жұмысындағы олқылықтар16:28, 07 маусым 2026
-
Құрылыс кезіндегі апат: Еліміздегі интернет ақауының себебі белгілі болды15:15, 07 маусым 2026
-
Астанадағы жартылай марафонда шетелдік қатысушылар саны бойынша тарихи рекорд жаңарды14:09, 07 маусым 2026
-
Алматының шырқын бұзған жасөспірімдер Астанада жүр. Желіде даулы ақпарат тарады13:12, 07 маусым 2026
-
Қаратерек ауылындағы қауіп: Өзен жағалауы опырылып, үйлерге жақындап келеді12:07, 07 маусым 2026
-
-
-
Бурабай жолындағы қауіпті сапар: видео түсірмек болған қыздар мен жүргізуші жазаланды09:05, 07 маусым 2026

"84 млн қарызы бар": Байырбекова ұлының үлкен сынаққа тап болғанын айтты (ВИДЕО)09:49, 05 маусым 2026
-
-
"Бұрынғы әйелі ме": Жұмабек Жанықұлдың отбасымен түскен суреті тарады (ФОТО)15:41, 01 маусым 2026
-
-
-
"Алланың лағнеті болсын!": Қазақстандық әжей "Кешью" тобын қарғады (ВИДЕО)12:40, 03 маусым 2026
-
"Айгүлдің өзін итерем..н депті": Заңгер танымал кәсіпкердің сұмдығын жария етті15:03, 02 маусым 2026
-
-
Интим видеосы тараған Хан тамада темір торға түсті17:39, 02 маусым 2026
-
"Очко жинамай-ақ қойшы": Ләйлә Сұлтанқызы Мөлдірді қорғаймын деп сынға қалды10:54, 02 маусым 2026
-
-
-
-
"Әкесімен жасты ғой": Гүлнұр Оразымбетова күйеуінің 70 жасын тойлады (ВИДЕО)10:02, 28 мамыр 2026
-
"Жеңгеміз сұлу екен": Нұрлан имам өзінің отбасын көрсетті (ФОТО)11:26, 14 мамыр 2026
-
"84 млн қарызы бар": Байырбекова ұлының үлкен сынаққа тап болғанын айтты (ВИДЕО)09:49, 05 маусым 2026
-
"Омырауынан сүйемін": Тоқтар Серіковтің сұхбатта айтқаны жұртты шошытты (ВИДЕО)09:51, 15 мамыр 2026
-
-
“Байқаңдар!”: Тұрсынбектің тоқалы ашық сес көрсетті16:11, 26 мамыр 2026
-
"Құдалыққа дайындалып жүрген": Көлік қаққан көкшетаулық әйелдің жақындары зар жылады17:51, 11 мамыр 2026