Жаңалықтар

Қарағанды облысында теміржолда төрт жұмысшы қаза тапты

Қарағанды облысында теміржолда төрт жұмысшы қаза тапты

Қарағанды облысында Мойынты – Шығанақ учаскесінде орналасқан Шешенқара мен Қаражангыл станцияларының аралығында қайғылы оқиға болды. Бұл туралы Ozgeris.info хабарлайды.

 

Оқиға 10 желтоқсан 2025 жылы жоспарлы рельс ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатқан сәтте орын алған. Сол кезде учаскеден өтіп бара жатқан жүк пойызының машинисі жұмысшыларды байқап, дереу шұғыл тежегіш қолданғанымен, апатты болдырмау мүмкін болмаған.

 

КТЖ баспасөз қызметінің мәліметінше, төрт жұмысшы өмірге қауіпті жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған.

 

«Барлық қажетті шаралар уақытылы қолданылғанына қарамастан, қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болмады. Төрт қызметкер алған ауыр жарақаттарынан қаза тапты», – делінген КТЖ хабарламасында.

 

Қайғылы оқиғаға байланысты «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығының тапсырмасымен арнайы комиссия құрылып, жағдайдың нақты мән-жайын анықтау жұмыстары басталды.

Барлық жаңалық