Жаңалықтар

Қарағанды облысында жасөспірім қыз суға батып кетті

Қарағанды облысында жасөспірім қыз суға батып кетті

Көкпекті ауылында қайғылы жағдай болды — 2011 жылы туған қыз бала Көкпекті өзеніне батып кетті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

Төтенше жағдайлар департаментінің алдын ала мәліметіне сәйкес, жасөспірімдер ересектердің бақылауынсыз өзенге шомылуға барған. Оқиға орнына келген құтқарушылар қыздың денесін жағалаудан шамамен 20 метр қашықтықтан, төрт метр тереңдіктен алып шыққан.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, бұл аумақта суға түсуге тыйым салынғаны туралы арнайы белгі орнатылған. Ескерту тақтайшасы биыл 2 маусым күні қойылған.

Сонымен қатар жазғы демалыс қарсаңында мектептер мен білім беру ұйымдарында судағы қауіпсіздік ережелеріне арналған түсіндіру сабақтары жүргізілгені хабарланды.

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды жабдықталмаған жерлерде шомылмауға, қауіпсіздік талаптарын сақтауға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды

Барлық жаңалық