Жаңалықтар

Қалыңмалға берілген көлікті сатудан басталған жанжал кісі өліміне ұласты

Қалыңмалға берілген көлікті сатудан басталған жанжал кісі өліміне ұласты

Дағыстанда ер адам жұбайын өлтірді деген күдікпен ұсталды. Қайғылы жағдай қалыңмалға берілген автокөлікке байланысты шыққан жанжалдан кейін болған. Бұл туралы Оzgeris.info сайты kznews.kz сайтына сілтемемен хабарлайды.

 

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 28 жастағы Ражидин Я. мен 36 жастағы Мальвина М. мұсылмандық неке қиған. Ер адам қалыңмал ретінде берілген «Лада Приора» көлігін әйелінің келісімінсіз сатып жіберген.

 

Бұл жағдайға келіспеген әйел полицияға арыз түсірген. Сол күні кешке күдікті «мәселені талқылау үшін» жұбайымен кездескен. Араға бірнеше күн салып, әйелдің мәйіті елді мекен маңынан табылған.

 

Марқұмның туыстары оның бірінші некесінен үш баласы қалғанын мәлімдеді. Күдікті қамауға алынып, тергеу барысында қылмыс жасағанын мойындаған. 

Барлық жаңалық