Басқарма мәліметінше, өткен аптаның соңынан бастап қаладағы 21 орыннан негізгі жаңа жылдық шыршалар мен шағын сәулет нысандары алынып жатыр.
«Қазіргі уақытта барлық құрылғылар кезең-кезеңімен бөлшектелуде. Сәндік элементтер мен жарықтандыру жабдықтары демонтаждалып, аумақтар қалыпты жағдайға келтірілуде. Жұмыстар жоспар бойынша 7–10 күнге созылады, алайда ауа райы мен шыршалардың техникалық ерекшеліктеріне байланысты аяқталу мерзімі өзгеруі мүмкін», — деді басқарма өкілдері.
Демонтаж жұмыстары аяқталғаннан кейін барлық элементтер қоймаларға жеткізіліп, сол жерде сақталатын болады.