Қоғам

«Қайрекеңді елестеттім»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуін еске алды

«Қайрекеңді елестеттім»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуін еске алды

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жаңа фильмде бой көрсетіп, қандай рөлді сомдайтынын айтты, деп хабарлайды хабарлайды Ozgeris.info.

Тележүргізушінің айтуынша, ол фильмде тағдыры ауыр, алайда қиындыққа мойымайтын күрескер әйелдің бейнесін сомдайды. 

«Тағдыры бір жағынан ауыр. Екінші жағынан, бәрібір күрескер әйелдің рөлін сомдаймын. Махаббатынан кезінде айырылып қалған. Кейін өзінің махаббатын кездестірген кезде барлық махаббат оқиғалары есіне түседі. Тым эмоционалды болды. Азаматтың маған айтқаны бар. Режиссердің маған қойған тапсырмасы да болды. “Ләйлә, Азамат келе жатқан кезде көз алдыңа Қайрекеңді елестетсең, саған жеңілірек болатын шығар”, – деді. Елестеткен кезде бірден көп нәрсе айтқым келді. Бірақ айтуға болмайды. Айтайын десең, ол адам қасыңда жоқ. Сол сәтті шынайы бере алдым деп ойлаймын», – деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Алайда тележүргізушінің киноға түсуі көпшіліктің көңілінен  шықпады. Кейбір оқырман оған сәттілік тілесе, енді бірі сынға алды. 

«Дым ұнамайды, неге кәсіби актерлерді алмайды?», «Бізде иті де, құсы да актер, әнші болады», «Басқа адам табылмаған ба?» – деп жазды оқырмандар.

Барлық жаңалық