Қазақстан құрамасы мен "Қайраттың" қақпашысы Темірлан Анарбеков бұған дейін алматылық клубты УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығарып, нағыз жұлдызға айналған еді.
Еске салайық, 2025 жылғы 27 тамыз түні "Қайрат" УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтті. Алматы клубы Шотландияның "Селтигін" пенальти сериясында (3:2) жеңген еді. Сол ойында 21 жастағы қақпашы Темірлан Анарбеков үш бірдей допты қайтарып, командасына жеңіс сыйлап, нағыз қаhарман атанған.
Айта кетейік, алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде алғаш рет өнер көрсетеді. 30 қыркүйекте өз алаңында клуб әйгілі "Реал Мадридті" қабылдайды.