Алматылық «Қайрат» Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы матчта латвиялық «Рига» клубымен 1:1 есебімен тең түсіп, УЕФА-дан 133 мың еуро сыйақы алады. Бұл шамамен 67,6 миллион теңгеге тең, деп хабарлайды Ozgeris.info.
«Қайрат» 5-минутта Марк Гуальдің пенальтиден соққан голымен есеп ашты. Алайда 12-минутта Салах Улад таразы басын теңестірді. 29-минутта Темірлан Анарбеков қарсыластың пенальтиін қайтарып, командасына тең нәтиже сыйлады.
Ал егер Рафаэль Уразбахтин шәкірттері жалпы кезеңдегі матчта жеңіске жетсе, клубтың есепшотына 400 мың еуро, яғни шамамен 203,3 миллион теңге түседі. «Қайрат» келесі кездесуін 22 қазанда Алматыда Грекияның «Панатинаикос» командасына қарсы өткізеді.
Жалпы кезең аясында алматылық клуб Италияның «Аталанта», Румынияның «Университатя» (Крайова), Нидерландтың «Твенте» және Швецияның «Мьельбю» командаларымен де кездеседі.