Шоу-бизнес

"Қайрат Нұртасты емдету керек": Медеу Арынбаев күтпеген мәлімдеме жасады

"Қайрат Нұртасты емдету керек": Медеу Арынбаев күтпеген мәлімдеме жасады

Белгілі әнші, қазақ ән өнерінің майталманы Медеу Арынбаев Қайрат Нұртас пен оның шығармашылығы туралы ойын білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info. 

Бұл туралы ол өзіңнің сұхбатында мәлімдеді. 

«Қайратқа демалу керек. Ән айта алмайтын болсаң халық мұнша көтермелемейтін еді ғой. Халық айтса, қалып айтпайды ғой.

Ол ырғақты сезу, өзінің ыңырсу мәнерін тауып алған. Ол қобыздың дауысы, біздің жанымызға жақын элементтер.

Ол фониатрға бару керек, дауысты емдету керек. Ол қанша еңбек. Біз сияқты айына, аптасына бір рет шықпайды ол. Ол күнара жол жүреді, күнара той-домалақта жұлып жеп жатады.

Ол оңай дүние емес, ол сақтануды талап етеді», — деді әнші.

Барлық жаңалық