Шоу-бизнес

«Қайрат халқын таңдады»: Жұлдыз Әбдікәрімова көпшіліктің сұрағына жауап берді (ВИДЕО)

«Қайрат халқын таңдады»: Жұлдыз Әбдікәрімова көпшіліктің сұрағына жауап берді (ВИДЕО)

Қазақстандық танымал өнер иесі Жұлдыз Әбдікәрімова Жаңа жыл мерекесіне орай отбасылық бейнеқұттықтауын әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Оzgeris.info ақпарат порталы.

 

Алайда видео желі қолданушыларының ерекше назарын кадрда жұбайы Қайрат Нұртастың көрінбеуі бірден аударды.Өнер иесі қазақстандықтарға ақжарма тілегін арнап, әр шаңыраққа береке мен бірлік, жылулық пен махаббат тіледі.

 

«Өзгесін еңбек пен талпыныс бере жатар. Бастысы елімізде тыныштық болсын, Патшамыздан пейіл кетпесін», — деп жазды ол.

 

Жарияланымнан кейін оқырмандар тарапынан түрлі пікірлер айтыла бастады. Көпшілігі «Қайрат қайда?» деген сұрақ қойса, кейбір желі қолданушылары әзіл-шыны аралас пікір білдіріп, «Қайрат халқын таңдады» деп жазған.

 

Барлық жаңалық