Жаңалықтар

“Қайрат” футбол клубы тағы бір ойыншымен қош айтысты

“Қайрат” футбол клубы тағы бір ойыншымен қош айтысты

Алматылық "Қайрат" футбол клубы 28 жастағы жартылай қорғаушы Гиорги Зариамен қош айтысты, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Клубтың ресми мәліметіне сәйкес, "Қайрат" пен футболшы арасындағы келісімшарт мерзімі аяқталды. Грузиялық жартылай қорғаушы 2024 жылдың басында "Қайрат" сапына қосылған еді. Ол алғашқы ресми матчында-ақ дебют жасап, бірден гол соғып, жанкүйерлердің сүйіспеншілігіне бөленді.

2024 жылғы маусымда Зариа жоғары деңгейде өнер көрсетіп, 30 матчқа қатысып, 15 нәтижелі әрекетімен көзге түсті. Сондай-ақ ол маусымның үздік жартылай қорғаушысы атанды.

Қазақстан чемпионатының шешуші сәтінде, соңғы турда "Атырау" қақпасына жалғыз әрі жеңіс голын соғып, Алматыға чемпиондық титулды қайта алып келді.

2025 жылғы маусымда Гиорги Зариа "Қайраттың" қатарынан екінші рет Қазақстан чемпионы атануына, Қазақстан Суперкубогын жеңіп алуына және УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне тарихи жолдама алуына зор үлес қосты.
Айта кетейік, Гиорги Зариа "сары-қаралар" жейдесінде барлығы 59 матч өткізіп, 16 гол соғып, 11 нәтижелі пас берген. Осылайша ол "Қайрат" клубының тарихында өз есімін алтын әріппен қалдырды.

Барлық жаңалық